Құдаймен жаңа өміріңіз.

Сіз Исаның соңынан еруге шешім қабылдадыңыз. Содан кейін не болмақ? Осы маңызды шешімнен кейін не болады? Жаңа рухани өмірді бастағандықтан, сізде, әлбетте, көптеген сұрақ бар. Осы сұрақтарға жауап беру үшін, біз бірнеше мақала, Құдайды қалай естуге болатындығы жайлы қысқа видеороликтер, Киелі кітапты қайдан жүктеп, қалай оқып, қалай Құдаймен тілдесіп, қалай Оның еркін білуге болатындығы жайлы материалды дайындадық.
— Сенімнің негіздері—
Бұл бөлімде біз сізге адамның рухани өмірі мен Құдайдың кім екендігі жайлы басты сұрақтарға жауап беретін бірнеше қысқа мақала мен видеоны ұсынамыз. Қалай мінажат етіп, Құдай Сөзін оқып, Оны тыңдай аламыз? Қалай өз өмірімізде Құдайдың күшін сезіне аламыз?

150-ден астам әр түрлі кітаптың авторы әйгілі мәсіхші жазушы және апологет Джош МакДауэлл қосымша құрал (приложение) жасап, өз кітаптарын тегін оқуға, тыңдауға және видеоларын қарауға мүмкіндік берді. Қосымшаны жүктеп алу мына сілтеме бойыша қолжетімді:

Сізге, бәлкім, сіз сияқты Құдайға сенім артып, Исаның соңынан еруге шешім қабылдаған басқа адамдар туралы білу қызықты шығар. Әлем бойынша жүз миллиондай сіз сияқты мәсіхші бар, олармен қарым-қатынас жасау үшін әлеуметтік желілер арқылы қосылыңыз.
Егер сізде сұрақтар пайда болса немесе жай ғана қарым-қатынас жасағыңыз келсе, мессенджерімізге жазыңыз: