Төрт рухани заң деген не?

Мұнда баяндалған Ізгі хабарда адамның Құдаймен қалай тыныштыққа қол жеткізетінін және Құдайды қалай жақыннан біле алатындығын түсіндіреді. Бұл Құдайдың майланған пайғамбарлары арқылы адамдарға берген Құдайдың өзгермейтін Сөзі, яғни Киелі кітапта жазылған.

ІЗГІ ХАБАР МЫНА ТӨРТ МАҢЫЗДЫ ОЙДЫ ҚАМТИДЫ:

1. ҚҰДАЙ БIЗДI СҮЙЕДI, БIЗБЕН ТҰРАҚТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛFЫСЫ КЕЛЕДI ЖӘНЕ ОНЫҢ СҮЙIСПЕНШIЛIГIНЕ БӨЛЕНГЕНIМIЗДI ҚАЛАЙДЫ!

Сондықтан Ол адамды Өзiне ұқсас етiп жаратқан. Бiзге ақыл, дарын, сүйiспеншiлiк пен мейiрiмдiлiк қабiлеттерiн берген. Құдай бiздiң қайғымызды басып, жұбатқысы және тыныштық сыйлағысы келедi.

Құдай бiздi не үшiн жаратты? «Ол бiр кiсiден бүкiл адамзатты таратып, бүкiл жер жүзiне мекендетiп, нақты мерзiмдердi де, олардың тұратын жерлерiн де белгiлеп бердi. Құдай бұны адамдар Өзiн iздесiн, қарманып жүрiп сезiп, сөйтiп тауып алсын деп iстедi. Себебi Ол әрқайсымыздан алыс емес, өйткенi Оның арқасында бiз өмiр сүрiп, әрекет етiп жүрмiз» (Елшi.iстерi 17:26-28). Құдайды бiлуiмiзге кедергi болып тұрған не?

2. АДАМ – КҮНӘКАР.

АДАМ – КҮНӘКАР. КҮНӘНЫҢ КЕСIРIНЕН, ҚҰДАЙДАН АЛАСТАТЫЛДЫ, СОНДЫҚТАН ОЛ ҚҰДАЙЫН ТАНЫМАЙДЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СҮЙIСПЕНШIЛIГIНЕ БӨЛЕНЕ АЛМАЙДЫ

Құдай бiздi Өзiмен қарым-қатынас жасау үшiн жаратты. Ал бiз Оған терiс қарап, Оның еркiне қарсы шықтық. Киелi жазбада Құдайдың тiлiн алмау және Оған немқұрайды болу — күнә делiнген.

Адамзат күнәкар «Бәрi де күнә жасап, Құдайдың ұлылығынан құр алақан қалды» (Рим.3:23)

«Өз заңсыздықтарың сендердi Құдайдан ажыратты және күнәларыңды естiмеу үшiн Ол сендерден бетiн бұрып, терiс қарап кеттi» (Ишая.59:2).

Күнәның кесiрiнен адам Құдайдан аластатылды Ал «… күнәның жазасы — өлiм», яғни Құдайдан рухани аластатылу (Рим.6:23).

қасиеттi Құдай мен күнәкар адамның арасында байланысы жоқ түпсiз тұңғиық (бiздiң күнәларымыз) тұр. Олар бiр-бiрiнен мүлде ажыратылған. Бiрақ адамдар өз қолдарынан келетiн шаралармен Құдай беретiн сүйiспеншiлiк, жан тыныштығы мен күш-қуатқа жетуге тырысуда: айталық, кейбiр адамдар қайырымдылық немесе ерлiк жасау арқылы, кейбiреуi таза өмiр сүруге тырысып, ал басқа бiреулер пәлсәпалық талдау немесе психологиялық әдiстер мен дiни ырымдарды орындап, мақсаттарына жетпек. Бiрақ бiздiң күнәларымыз кедергi болып тұр. «Күнә» деген түпсiз тұңғиықтан өткiзетiн «көпiр» керек. Ол қандай болмақ? Күнәның жалғыз ғана шешiмi туралы үшiншi шындық әңгiмелейдi.

Ерте замандағы пайғамбарлар күнәға батқан адамзатқа Құдай Құтқарушыны, яғни Мәсiхтi жiберетiнiн алдын ала айтқан. Сол Мәсiхтiң азап шегiп өлетiнiн, содан кейiн қайта тiрiлетiнiн де олар айтып кеткен. Осы болжаулар Иса Мәсiхтiң өмiрiне дәл келдi. Иса Мәсiх Құдайдың еркiн түгел орындап, күнәсыз өмiр сүрiп, адамдардың күнәларын өтейтiн құрбандық болды.

3. ИСА МӘСIХ — АДАМДЫ КҮНӘДАН ҚҰТҚАРАТЫН ҚҰДАЙДЫҢ БЕРГЕН ЖАЛFЫЗ FАНА ЖОЛЫ. ТЕК СОЛ АРҚЫЛЫ БIЗ ҚҰДАЙДЫ БIЛЕМIЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ СҮЙIСПЕНШIЛIГIНЕ БӨЛЕНЕМIЗ.

Құдай жерге Иса кейпiнде келдi «Ерте замандарда Құдай пайғамбарлар арқылы бiрнеше рет және әртүрлi жағдайда ата-бабаларымызға сөйлеген. Соңғы күндерi Құдай бiзге Иса арқылы сөйледi. Иса — Құдайдың ұлылығының сәулесi, Оның болмысының дәл бейнесi» (Еврей.1:1-3). Иса Мәсiх бiздiң күнәмыздың құрбандығы

Адамдар өздерiнiң күнәлары үшiн тоқты шалса, сол сияқты Құдай да бiздiң күнәларымыз үшiн Исаны құрбандыққа бердi. «Құдай алдында бiз әдiл болсын деп, Ол бiз үшiн күнәсызды күнә еттi» (2Қорынт.5:21). Бiрақ Ол өлiмнен қайта тiрiлдi

«Киелi жазбаларда алдын ала айтылғандай, Мәсiх бiздiң күнәларымыз үшiн жанын қиды… Ол қабiрге қойылып, үшiншi күнi қайта тiрiлдi» (1Қорынт.15:3,4).

Құдайға апаратын жалғыз жол «Иса Оған: — Жол, шындық және шынайы өмiр Менмiн; Мен арқылы болмаса, ешкiм де Әкеге бара алмайды, — дедi» (Жохан.14:6).

Құдай Оны адамнан айырып тұрған тұңғиықтың үстiнен Исаны бiз үшiн өлiмге жiберiп, «көпiр» орнатқаны көрiнiп тұр. Иса қозы сияқты бiздiң күнәмыз үшiн құрбан болды. Осылай Құтқарушымыз Иса Мәсiх бiз күнәдан арылуымыз үшiн және шындық жолына түсуіміз үшiн Құдайға апаратын жолды ашып бердi.

Осы үш ақиқат бiздiң күнәдан арылуымыз үшiн жеткелiктi ме? Жоқ.

4. ЕГЕР БIЗ ИСА — ҚҰТҚАРУШЫ ЖӘНЕ БIЗДIҢ ӨМIРIМIЗДIҢ ИЕСI ЕКЕНIНЕ СЕНСЕК, БIЗ ҚҰДАЙДЫ БIЛЕТIН БОЛАМЫЗ.

Бiз Исаға сенуiмiз керек.

«Бiрақ Оны қабылдап, Оған сенiм артқандардың бәрiн Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты еттi» (Жохан.1:12).

Бiз Исаға сену арқылы құтқарыламыз

«Себебi Құдайдың рақымымен, Мәсiхке деген сенiмдерiң арқылы құтқа-рылдыңдар. Бұл — өздерiңнiң жетiстiктерiң емес, Құдайдан келген сый, сондықтан игi iстерiмнiң арқасында құтқарылдым деп ешкiм мақтанбасын» (Ефес.2:8-9). Бiз Исаны жеке шақырамыз.

«Иса былай деген: «Мiне, Мен есiк алдына келiп, қағып тұрмын; егер кiмде-кiм Менің даусымды естiп, есiк ашса, Мен соған кiремiн»» (Аян. 3:20).

Исаға сену дегенiмiз — өзiмiздiң күнәларымызды мойындап, Құдайдан кешiрiм алу, бiздi Өз қалауындағы адам етуi үшiн өмiрiмiзден тиiстi орын алуына Оған мүмкiндiк беру. Демек, Исаны бiздiң күнәмыздың жалғыз құрбандығы деп ақылымызбен ғана түсiну жеткiлiксiз. Есiңiзде болсын, бiз шын сенiм арқылы құтқарыламыз, ендеше Исаны сенiммен қабылдауымыз қажет. Иса Місiхке деген сенiмiмiз үшiн Құдай бiзге жаңа рухани өмiр сыйлайды.

ИСАҒА СЕНIП, ОНЫ ҚҰТҚАРУШЫ РЕТIНДЕ ЖӘНЕ ИЕ РЕТIНДЕ ДӘЛ ҚАЗIР ҚАБЫЛДАП, ҚҰДАЙFА СИЫНУFА БОЛАДЫ (Құдайға сиыну, яғни дұға ету дегенiмiз Құдаймен сөйлесу)

Құдай сiз өз шешiмiңiздi тура қазiр Оған айтқаныңызды қалайды. Ол әр адамның жүрегiндегiнi жақсы бiледi. Сондықтан маңыздысы сөзiңiз емес, сiздiң жүрегiңiз. Шамамен былай деп сиынуыңызға болады:

«Көктегi Әке! Сiздiң алдыңызда мен күнәлы екенiмдi мойындаймын. Иса Мәсiхтiң күнәкар адамдарды құтқару үшiн өлгенiн, соның арқасында Сiз адамдардың күнәсын кешiретiнiңiздi бүгiн бiлдiм. Мен бұған сенемiн. Менi де кешiрiңiз. Иса Мәсiх, Құтқарушым, менiң өмiрiмдi Өз қолыңа алшы. Маған зұлымдыққа қарсы тұра алатын күш және жан тыныштығын берші. Маған көмектесші!
Аумин».

Ойланыңызшы: осы сөздер шын көңiлiңiзден шыға ма?

Мен дұғаны оқыдым.
Менің сұрақтарым бар.